Қазіргі таңда әлем елдері қарқынды дамып, өндірістер мен өнерде жоғары бәсекелестік артып, бірқатар жаңалықтар ашылуда. Адамдардың өнертабысы, шығармашылық жаңалықтары бірте бірте дүние жүзінде ел экономикасының дамуының көрсеткішіне айналып келеді.
Бұл ретте, зияткерлік меншікті қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздегі зияткерлік меншіктің даму тарихына көз жүгіртсек.
1991 жылға дейін Қазақстанда Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің бөлімшесі жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақстанда мемлекеттік Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі Агенттігі құрылды. 1996 жылы 10 маусымда “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” ҚР Заңы қабылданды.
1997 жылы Авторлық құқық жөніндегі Агенттік ҚР Экономика Министрлігіне қосылды. Ал 1997 жылдың соңында Агенттік ҚР Энергетика, индустрия және сауда Министірлігінің құрамына кірді.
1999 жылдың ақпан айынан бастап Авторлық құқықтар жөніндегі Агенттік ҚР Әділет Министірлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі Комитеті болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бері Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының (WIPO – ДСМҰ), Дүниежүзілік авторлық құқықтар жөніндегі Женева, Берн Конвенцияларының мүшесі. Бұл күнде Қазақстан Дүниежүзі елдерінің бас қосып, авторлық құқық, рухани қазына қарақшыларымен күрес, санаткерлік меншік сияқты өзекті мәселелерді талқылайтын жиындардың орталығына айналды.
Сонымен қатар, Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитет БҰҰ-ның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының санаткерлік меншік саласында аса беделді халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жүйесін жүзеге асырады.
Елбасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралар туралы №536 жарлығына сәйкес, санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері туралы №11 қаулысына байланысты ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті құрылды.
Оған сол кезде тараған ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитетінің және ҚР Әділет министрлігінің «Қазпатент» патенттер және тауар белгілері жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорының мүлкімен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріліп, құрылды.
Н.Бодыбаев,
Қызылорда қалалық әділет басқармасы басшысының орынбасары,
Заңгерлер одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<