Зорлық-зомбылыққа жол берме!

1160

0

       ҚР Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсеткендей,  қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығының бұзылуының бірі – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуы. Зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек. Зорлық-зомбылық – бұл әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Отбасы мен қоғамның арасындағы байланысты әлсіретіп, еліміздің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуге жол бермейді. Осыған орай, қала тұрғындары назарына – қандайда бір тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беріп, адамның денсаулығына қасақана зиян келтіріп, сонымен қатар, моральдық-психологиялық қысым көрсеткен жалпы құқығын шектеген азаматтар қылмыс құрамына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99, 106, 107, 115, 120, 105, 121, 122, 124-баптарымен жауапкершілікке тартылып, Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1(1-1-бөлігі), 461-баптарымен жауапкершілікке тартылады.

      Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген не осындай жағдайға куә болған азаматтар Қызылорда қалалық полиция басқармасына, сондай-ақ қала көлемінде орналасқан «Қамқорлық» , «Жан», «Аналар Үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлардың сенім телефондарына хабарласа алады.

      Қызылорда қалалық полиция басқармасы: 8(7242) 26-28-90; 102

     «Қамқорлық» дағдарыс орталығы: 8(7242 ) 30-25-40; 8-777-340-87-34; 8-777-456-11-06

     «Жан»  дағдарыс орталығы: 1-16-16

     «Аналар Үйі» қоғамдық қоры: 14-22

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<