10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

168

0

Фото: Жалағаш ауданы

Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу және әскери каска дайындау цехының жұмысымен танысты.

10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

2014 жылы Жалағаш кентіндегі «Серпін» аграрлық-индустриалды аймағынан орналасқан цех қазіргі таңда өндіріске қажетті жоғары технологиялы құрал жабдықпен қамтамасыз етілген.

10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды
10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

Цехтың жылына құны 6 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын 10000 данаға дейін броньды кеудеше, 15000 дана каскаға арналған бүркеме, 20000 данаға дейін әскери каска және 500 данаға дейін арнайы киімдер тігуге мүмкіндігі бар. Цехта 95 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

Бүгінгі күнге дейін аталған цехтың жұмысын жандандыру мақсатында құрылыс жұмыстары мен құрал жабдықтар сатып алу үшін 1,7 млрд. теңге көлемінде қосымша инвестиция тартылған.

10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы киім тігу және әскери каска дайындау цехының жұмыс сапасына жоғары баға беріп, ауылдық аймақтарда инвестиция көлемін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын ашу мақсатында өндіріс орындарының көп болғаны қуантатынын жеткізді.

10 жылдық тәжірибесі бар цех жұмысы таныстырылды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<