15940 отбасына 1,7 миллиард теңге

402

0

15940 отбасына 1,7 миллиард теңге Елбасы тапсырмасына сәйкес 1 сәуірден бастап көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің механизмі өзгерді. Облыс бойынша жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға 33751 отбасы өтініш берді. Олардың 12980-нен өтініш қабылданып, қалғанына кеңес берілді. 

Сәуір айында қабыл­данған өтініш­тер түгелімен «Е-халық» ақпарат­тық жүйесіне енгізілді. Аудандар бойынша сәуір айында атаулы әлеуметтік көмекке қабылданған өтініштер 2 мамырға толығымен тағайындалып, тө­лен­ді.

Облыс бойынша сәуір айына 15940 отбасына 1,7 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Соның ішінде 12743 отбасына жаңадан тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек төленіп,  бұрын алып жүрген 3197 отбасының қаражаты қайта есептелді және толығымен төленді.

– Әлеуметтік желілерде кейбіреу­лер атаулы әлеуметтік көмек тек бірінші тоқсанда ғана төленеді, одан кейін төленбейді деп жазып жатыр. Мен қайталап айтамын, ол жыл бойы төленеді. Бірақ, өзінің ережесіне сәйкес, тоқсан сайын отбасының табысы нақтыланып тұрады, –  деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев  Үкімет үйінде өткен баспасөз мәсли­хатында. 15940 отбасына 1,7 миллиард теңге 

Мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жан басына шаққандағы орташа табыс бекітілген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына беріледі.  Министрліктің ресми интернет ресурсындағы ақпаратқа қарағанда, отбасының жиынтық табысына еңбек­ақы, алимент, жеке қо­салқы шаруа­шы­лықтан, кә­сiпкерлiк қыз­меттен, жыл­жымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан, кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн қаражаттар кіреді.

Қазір жұмыспен қамту орталықтары мен ауыл әкімдері атаулы әлеуметтік көмек алуға мамыр айында жүгінген азаматтардан құжаттар қабылдауда.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<