2024 жылдың қаңтарында қазақстандықтар қанша күн демалады

481

0

Сурет: Zakon.kz

Қаңтарда екі мереке болады – Жаңа жыл және православтік Рождество, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы Жаңа жылда қаңтардағы демалыс күндері өте қысқа – 1 және 2 қаңтар. 3 қаңтарда жұмысқа барамыз.

Жалпы қазақстандықтардың Жаңа жылды тойлауға 4 күні бар:

– бес күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 30, 31 желтоқсан, 2024 жылғы 1 және 2 қаңтар күндері демалады;

– алты күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 31 желтоқсан, 2024 жылғы 1 және 2 қаңтар күндері демалады.

2024 жылы Рождество күні жексенбіге түседі. Сондықтан осы маусымда қосымша демалыс күні болмайды.

Осылайша, Рождество кезінде:

– бес күн жұмыс істейтіндер 6 және 7 қаңтар күндері;

– алты күн жұмыс істейтіндер: тек 7 қаңтар күні демалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<