Қызылорда қаласында жыл соңына дейін қаланың шет аймақтары, кент, ауылдық округтерде және Титов, Гагарин, Шанхай, әл Фараби, КБИ шағын аудандарында жалпы ұзындығы 171,8 км болатын 50 көшеге қиыршық тас төселеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір Шанхай, Гагарин шағын аудандарына қарасты Құрманғазы және Әлия Молдағұлова көшелерінде жұмыс басталды. Қиыршық тас Құрманғазы көшесінің 322 метр бөлігіне төселсе, Молдағұлова көшесіндегі ұзақтығы – 222 метр. Құрылыс шілде айында аяқталады. Жауапты мекеме – «Газреммонтаж» ЖШС.
Сонымен қатар, Титов қыстағында 16, әл Фараби қыстағында 18, КБИ шағын ауданында 14 көшеге малтатасты жол төселеді. Бүгінгі күні мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<