Алматыда қоғамдық көлік пен пойыз соқтығысты. Оқиға салдарынан 6 жолаушы жарақат алды.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 11:40–та Алмалы ауданында болған.
— Жеке тасымалдаушыға тиесілі № 88 автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай темір жолмен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа да мән-жағдайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, өткен аптада Алматыда автобуспен жүк көлігі соқтығысқанын жазғанбыз.
Оған дейін Алматыда екі автобус апатқа ұшырып, жүргізушілері зардап шеккені туралы жазған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<