Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

392

0

Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Әлемдік рейтингіде 4-орында тұрған Әбиба 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде германиялық Сара Иштпен белдесті.

Жекпе-жек барысында алдымен германиялық дзюдошыға вазари ұпайы берілді. Іле-шала қазақстандық дзюдошы вазари әдісімен шектелмей, қарсыласын таза жеңді.

Бұл – Ә.Әбужақынованың Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы.

Бүгін сондай-ақ ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүюкенов қола медальді өзара сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде Мағжан Шамшадин жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<