Әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет көлемі артты

149

0

Биыл Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша департаменті тұрғындарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік төлемдер тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың орындалуын бақылау бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды.

Департамент басшысы Бекболат Шәріп­бековтің айтуынша, жыл басынан бері өңір­де 30251 жаңа зейнетақы мен жәрдемақы рәсімделген. Сонымен қатар, «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған де­рек­тер банкі» ақпараттық жүйесінде 34768 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Соңғы алты айда медициналық-әлеуметтік сараптама бө­лімдері арқылы 6536 қызмет алушыға мем­лекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішін­де 1321 азаматқа алғаш рет мүгедектік то­бы тағайындалған. Одан бөлек 10 мың адам­ға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқын­ды көрсеткіші 15,6 пайызды құрады.

Ал балалар арасында бұл көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Мәселен, І жарты­жыл­дықта 455 балаға мүгедектік берілсе, өткен жылы бұл сан 509 болған. Яғни 11,8 пайызға азайған.

Облыс аумағында 1 қаңтардан бастап 269,5 мыңнан астам зейнетақы мен жәр­демақы алушылардың төлемдері қайта есеп­телді. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен тағайындалатын әлеуметтік төлемдерге қатысты 16 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 55639 азаматқа қызмет көр­сетілді. Департамент мамандары 25388 іс-макетті қайта қарап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде 1616 іс бойынша төлем тағайындаудан бас тар­тылған. Тағайындаудан бас тарту­дың басты себебі, 1493-нің зейнетақы жинақ­тарының со­масы міндетті жарналардан артық болса, 123-нің құжаттарының толық болмауы негіз болған. Кері қайтарылған істердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері мен көпбалалы от­басыларға арналған жәрдемақыларға қа­тысты.

– Әлеуметтік салада халықтың құқық­тарын қорғау, сапалы қызмет көрсету және заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, – деді департамент басшысы Бекболат Шәріпбеков.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»