Әскери бөлімде Ашық есік күні:
«Балаларды қорғау күні»

262

0

Фото: автордан

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласының Ұлттық Ұланның 5547 әскери бөлімінде балаларға арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында құқықтық тәрбие беру, әскери-патриотық рухты нығайту және балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен таныстыру болды.

Саптық алаңда әскери қызметшілердің балаларына арнап қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі өткізілді.

Әскери қызметшілер әскери техникалар мен қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып беріп, балалардың қызығушылығын оята алды.

Балаларға әскери қызметшілер саптық дайындық, қару қолдану және тактикалық жаттығулар бойынша көрсетілімдер өткізді.

Шара барысында балаларға арналған эстафеталық жарыстар, қызықты шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Берік Азаматұлы Караманов шараның маңыздылығын атап өтті.

Аталмыш іс-шара балалардың көңілінен шығып, әскери өмірге деген қызығушылықты арттырды.

5547 әскери бөлімі
лейтенант Берікұлы Жақсылық