Әскери қызметке қабылдау жүргізілуде

305

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды келісім-шарт негізінде әскери қызметке қабылдау жүргізуді бастады. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара академиясына, одан бөлек шет елдердің әскери оқу орындарына қабылданатын үміткерлерді де іріктейді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына сала мамандары келіп керек мағлұматтарымен бөлісті.

– Шекара академиясы мектеп түлектерін оқуға қабылдау науқаны басталды.

Бұл келесі жылдың наурыз айына дейін жүргізіледі. Шекара қызметіне жоғары немесе арнайы орта білімі бар, мерзімді әскери қызметін шекара бөлімдерінде өтеген 25 дейінгі азаматтар да үміткер бола алады. Сонымен қатар, жоғары білімі бар, алайда жұмыссыз жүрген облыс жастарын жұмысқа қабылдау науқаны жүріп жатыр. Оның белгілі бір мерзімі жоқ. Айта кету керек, жоғарғы оқу орнын бітірген,әскери кафедраны оқыған запастағы офицер мамандары да бізге қазіргі таңда қажет. Күнделікті қабылдау жүргіземіз. Таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 аралағындағы қабылдаймыз. Мемлекетіміздің шекара шебін күзететін жандарды күтеміз,- деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, тәрбиелік идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімшесінің бастығы Данияр Жұпарбеков.

– Шекара қауіпсіздігі – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Темірдей тәртіпке төзімді, қажыр-қайраты жететін мамандарды дайындап шығару біздің міндетіміз. Шекарашы болуды үлкен бақыт деп санаймын. Себебі елдің тыныштығын қызғыштай қорып, күзету мее үшін үлкен мәртебе. Ал бұл қабылдауды жастарға берілген тамаша мүмкіндік деп білемін. Есігіміз әрдайым ашық. Патриот азаматтарды күтетін боламыз, – деді «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асан Худаяров.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<