Әуежайда батылдық танытқан ер адам наградаға ұсынылды

440

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Алматы әуежайында қарулы адамды залалсыздандырған ер адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған ер адамның – 1973 жылы туған Мұса Әбдірайым екені белгілі болды.

Ашуға мінген ер адам тексеру қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Куәгерлер абдырап қалған сәтте, 52 жастағы Мұса Әбдірайым жағдайды өз қолына алды. Бұрын спортпен айналысқан ол тай боксы және жекпе-жектің басқа түрлерін меңгерген екен.

Айта кету керек, Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкерін кепілге алынғаны хабарланды Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері құжаттарын сұрағанда, ол тексерушіні шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Алайда небәрі жеті минут ішінде полицейлер оны қарусыздандырды.

«ХАӘ әуе қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда ол тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. Жеті минут ішінде оны әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) және МАӘ әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ер адам әуежайдағы желілік полиция бөлімшесінде, ал бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр», деп хабарлады әуежай өкілдері.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.