Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы

245

0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет саласындағы беделді халықаралық жастар байқауларының жеңімпаздарын құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министр жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың жетістікке жетуіне ата-аналары мен ұстаздарының үлесі зор екенін айрықша атап өтті.

«Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Бұл кездесу Республика күні қарсаңында өтуі тиіс еді. Бірақ мерекеге арналған ауқымды іс-шараларға байланысты бүгін ғана жолығып отырмыз. Ұлттық мерекемізге орай, Мемлекет басшысы және оның атынан біз түрлі салада еңбек сіңірген қызметкерлерді, түрлі мамандық иелерін құттықтадық. Олардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, құтқарушылар, мәдениет қызметкерлері бар», – деді Аида Балаева.

Министр жас дарындардың жетістіктері олардың ұстаздарының ұзақ жылғы табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<