Аймақ басшысы Қазалы ауданындағы нысандарды аралады

283

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде бірқатар нысанды аралап, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмыстармен танысты.

Аймақ басшысы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуды, «Руханият» скверіндегі, «Руханият орталығындағы» жұмыстарды көрді. Құрылысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін ескертті.

Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі орталық алаңның абаттандырылуымен, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы несие алған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Лаура Серғалиева дайын таңғы ас кәсібін бастаған, ал, Алмат Есенаманов шағын цехтың жұмысын дөңгелетіп отыр.

«Алтын Дән» кондитерлік цехының иесі Үсен Айнұр да «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<