Алдағы жылдары Қазақстанда мемлекеттік білім гранттары артады

308

0

Фото: freepik.com

Қазақстанда мемлекеттік білім гранттары артады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер депутат Асхат Аймағамбетовке «Келешек» бағдарламасына қатысты сұрақ қойды.

«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің енгізілуі мемлекеттік гранттардың жойылуына әкелмейді. Келер үш жылдың бюджетін бекіттік. Сол бюджетте гранттың көбеюі қарастырылған. Сондықтан жыл сайын мемлекеттік грант арта түседі», — деді А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің түзетулері енгізілді.

Еске салсақ, биыл жазда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Келешек» бағдарламасына қатысты түсінік берді

«Келешек» жүйесі мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздейді. Бұл жинақтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында қалыптастырылған қаражатпен бірге балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<