Алдын алған қапы қалмайды

247

0

Фото: Облыс әкімдігі

Сейсенбіде өртке қарсы дайындық, су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.

Аймақ басшысы Үкімет отырысынан кейін жиын өткізіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

– Статистикалық деректерге қара­ғанда, еліміздегі төтенше жағдай­лардың 90 пайызы өрт салдарынан болады. Өңіріміздің құрғақ, желді климатын ескерсек, дала өрттерінің тұтану, тез таралу қаупі аса жоғары.

Дала өрттерінің алдын алу үшін тұрақты мо­ниторинг жүргізіп, тиісті шараларды дер ке­зін­де қамтамасыз ету қажет. Орман, дала өрт­тері­нің басым бөлігі тұрғындардың, шаруа­шы­­­лық­тардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақ­та­­мауы­нан, жауапкершілікті се­зін­беуінен туындайды.

Жергілікті шаруашылықтар таза­лық жұмыстарын жүргізерде орман мекемелеріне алдын ала хабар­ла­ма беруі тиіс. Өрттің алдын алу ша­ра­ларының толық ұйым­дас­ты­рылуын қа­таң бақылауға алыңыз­дар. Табиғи, адами фактор­лардың әсерінен ма­гистральді және ау­дан­аралық жол бойында, егіс алқаптарында құр­ғақ шөптің жану қаупі жоғары. Орман ал­қап­тарында, егістікте бақылауды күшейту керек.

Өңірімізде су тасқынының ал­дын алудың кешенді шаралары қабылданып, 14 ақпаннан бастап өзен бетінде мұз жүрді, наурыз айында толық тазартылды. Келген мол су көлдер жүйесіне жіберілді. Өзендегі су деңгейі магистральді каналдар мен көлдер жүйелеріне су алу арқылы реттелді. Суды тиімді пайдалану және су басу аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Бүгінгі мәжілісте қаралған мәселелер өзекті. Қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде тиісті шара қабылдау қажет, – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, өрттің алдын алуда орман шаруашылығы мекемелерінде 15 өрт сөндіру автокөлігі, 10 дрон және 65 тұрақты өрт сөндіруші жа­сағы қызмет атқаруда.

Кейінгі 3 жылда өңірдегі орман ша­руашылығы мекемелерінің мате­риалдық-техникалық базасын ны­ғай­туға қаржы бөлінді. Биыл 62 тех­ника мен 80-ге жуық құрал алу көзделуде. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалып, 15 қадағалау мұ­на­ра­сында тұрақты кезекшілік ұйым­дас­ты­рылған.

Су басу қаупі бар 29 аймаққа арнайы техника, күш-құралдары бар 135 жауапты мекеме бекітілді. Олар­да 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жет­кілікті, яғни 129,7 тонна жанар­май, 95 110 қап және басқа да материалдар жинақталған. Ықтимал су тасқыны кезінде халықты көшіру пункттері дайын. Атап айтсақ, 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті бар.