«Алланың атынан жалған сөйлеу өте ауыр күнә»: ҚМДБ журналист Жанат Бақыттың жазбаларына қатысты мәлімдеме жасады

877

0

Сурет muftiyat.kz

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде журналист Жанат Бақыттың парақшасындағы жазбалары жұрт арасында кеңінен талқылануда. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы журналист Жанат Бақыттың жалған сөзіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды мүфтияттың баспасөз қызметі.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар халықтың жалған сөзіне сенбеуге, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырды.

«Әлеуметтік желідегі журналист Жанат Бақыттың Алла Тағала туралы айтқан ауыр сөздері мұсылмандар арасында үлкен түсініспеушілік тудырды. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына әр өңірден түрлі пікірлер білдіріп, наразылық білдірген хаттар түсуде. Жалпы, шариғатта Алланың атынан жалған сөйлеу өте ауыр күнә екені айтылады. Мысалы, Алла Тағала қасиетті Құранның «Әл Анғам» сүресінің 144-аятында: «Адамдарды надандықпен адастыру үшін Алланың атынан жалғанды жалпағынан басатын пендеден өткен залым бар ма» деп баяндаған. …Осы ретте, барша мұсылман қауымын, барша отандастарымызды журналист Жанат Бақыттың сөзіне еріп, дәстүрлі сенімімізге селкеу түсіріп, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырамыз», – деді ҚМДБ төрағасының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<