Топ-баннер2

Алмас Әбілпатта – басқарма басшысы

5

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы таныстырылды.

Нұрлыбек Машбекұлы денсаулық сақтау басқармасы басшысының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырма жүктеді.

– Ана мен сәби өлімі, қатерлі ісік­терден болатын өлім-жітім көрсеткішін төмен­детудегі жұмыстар жүйелі жүргізілуі тиіс. Тұрғындарды профилактикалық, оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес ау­руларға тұрақты тексеріп, алдын алу шараларын күшейту керек. Саланы цифр­ландырып, қағазбастылықты азайтуды тап­сырамын. Алмас Әбдіғаппарұлы тәжіри­бесіне сүйеніп, халықтың медици­налық қыз­­мет­ке қолжетімділігін арттыруда аянбай еңбек етеді деп сенім артамыз, – деді облыс әкімі.

Алмас Әбілпатта 1987 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина уни­верситетінде «Емдеу ісі» мамандығы бо­йынша білім алған. Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің «Денсаулық сақ­таудағы іскерлік әкімшілендіру» магистрі.

Еңбек жолын облыстық медицина орта­лығында қабылдау бөлімшесінің хирург-дәрігері ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық көпбейінді аурухананың хирург-дәрігері, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. 2023 жылдан осы кезге дейін Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.