Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 км жерде орналасқан, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
— ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 мин жер сілкінісі тіркелді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында — 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Ведомство жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); – көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін Жамбыл облысында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.






