Алтай Көлгінов ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

376

0

Сурет: akorda.kz

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлық 2024 жылғы 27 наурызда Ақорданың сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Көлгінов бұған дейін Астана, Батыс Қазақстан облысы және Орал қалаларының әкімі болған. 2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары болды.

Басқа жарлықпен Нұрлан Сейтімов Қазақстанның Эстониядағы Елшісі қызметінен босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<