Анкарада жарылыс болды

556

0

Фото: Анадолы

Түркия астанасындағы Қызылай ауданында елдің Ішкі істер министрлігі басқармасының бас ғимараты маңында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайдың сөзінше, Анкарада министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасалды. Қылмыскерлердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісінің көзі жойылды.

«Атыс кезінде полицияның 2 қызметкері өмірге қауіп төндірмейтін жарақат алды», – деп хабарлады мекемеден.

Оқиға болған ауданға жақын жерде бірқатар жолда қозғалыс тоқтатылды. Төтенше жағдай орнын президент күзеті де бақылап тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<