Былтыр Apple-дің табысы 140 млрд доллардан асты. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 16 пайыз көп, яғни компанияға қатысты болжам дәл келген жоқ.
Қаржыгерлер Apple-дің кірісі азаяды деп топшылаған болатын. Табыстың артуына Қытайда айфонға сұраныстың артуы әсер еткен. Мұнда Android-тан бас тартып, IOS-қа ауысқандар саны 38 пайызға артқан.
Сондай-ақ Үндістанда да Apple өнімдерінің саудасы қыза түскен. Жалпы компанияның қор нарығындағы бәсі артып келеді. Оның құнды қағаздары шамамен 3 пайызға қымбаттады.
Демографиялық ахуал күрделене түсті
Түркияда демографиялық ахуал күрделене түсті. Елде қарттар саны артып, жастардың үлесі азайып келеді.
Сарапшылар мұның себебін туу көрсеткішінің төмендеуі әрі әлеуметтік қолдаудың әлсіздігімен байланыстырады. Кейінгі жылдары ел демографиялық қартаю кезеңіне өтті. Туу көрсеткіші төмендеп, өмір сүру ұзақтығы, 65 жастан асқан адамдардың үлесі артып, жастар саны азаюда. Сарапшылар бұл үрдіс ел экономикасына, еңбек нарығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне үлкен жүктеме түсіретінін айтады.
Түркия статистика институтының дерегіне сәйкес, 85 млн халықтың 10,6%-ы қарттар. Кейінгі 5 жылда 65 жастан асқан адам саны 20,7%-ға өсіп, көрсеткіш 9,1 миллион адамға жетті. Ал туу деңгейі керісінше тұрақты түрде төмендеп келеді.
Tesla электркөлік өндірісін тоқтатады
Tesla компаниясы электркөлік өндірісін тоқтатады. Есесіне адамға ұқсас роботтардың санын көбейтуге басымдық бермек.
Илон Масктің бұл шешіміне компанияның қаржылық қиындықтықтарға тап болуы себеп. Кәсіпорынның жылдық табысы өткен жылдың соңында 61%-ға төмендеген.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, шығарылып жатқан темір тұлпарлар әлдеқашан ескірген. Әрі нарықта кейінгі жылдары қытайлық электркөліктердерің танымалдығы артып, сатылым бойынша әлемде көш бастап, бәсеке жағдайын одан сайын ушықтырып жіберді. Бұл аздай, АҚШ билігінің «жасыл» технологияларға қолдауды тоқтатқаны да сұраныстың төмендеуіне әсер етті.
Жауапкершілікке тартуды талап етті
Meta Platforms, TikTok және YouTube компаниялары жастардың психикалық денсаулығына кері әсер еткені үшін сотқа тартылып жатыр.
Бұл сот ісі әлеуметтік желілердің иелері балаларды тәуелді ету мақсатында өз платформаларын арнайы әзірлегенін анықтауға бағытталған.
Лос-Анджелесте қаралып жатқан іс бойынша негізгі мәселе – 19 жасар KGM есімді әйелдің оқиғасы. Ол осы компаниялардың платформаларына тәуелді болғанын, ал олардың тартымды дизайны тәуелділігін күшейткенін айтады.
Сонымен қатар, бұл қолданбалардың оның депрессиясын және суицидке деген ойларын тереңдеткенін алға тартып, компанияларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Әлеуметтік желілер құрбандарының құқықтарын қорғау орталығының негізін қалаушы Мэтью Бергманның айтуынша, бұл – әлеуметтік желі компанияларын балаларға зиян келтіру айыптарымен сотқа тартқан алғашқы іс.
Ақпарат көздерінен





