Апта ағымы

816

0

«Жайлы мектеп» пайдалануға берілді

Апта ішінде «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында 600 орындық тағы бір «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді.

Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық «Жайлы мектеп», «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асты. Жалпы құны 4 млрд 732 млн теңге құрайды.

Сыр өңірінде 11210 адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті

Жұмыс аптасында облыс әкімінің бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық кураторы Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жобалық топтың кеңейтілген отырысы өтті. Онда жобаның өткен жылы орындалысы талқыланып, алда тұрған міндеттер пысықталды.

«AMANAT» партиясының Орталық аппараты мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жобаның ауқымын кеңейту туралы тиісті органдармен арнайы Меморандум әзірледі. Құжат аясында 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды. Осылайша 2024 жылы 5 ақпаннан бастап партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің барлық аймағында бастау алып, өңірлерде «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері құрылды. «AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық курстарын өткізу үшін 150 қаржылық сарапшыны арнайы оқудан өткізді. Олар өңірдің барлық аудандарында халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған дәрістер жүргізді.

Атап өтейік, өткен жылы жоба аясында облыс бойынша 11000 мың азаматты тегін қаржылық сауаттылық арттыру курсынан өткізу жоспарланған болатын. Нәтижесінде 11210 адам оқудан өтіп, жоспар 140,1 пайызға орындалды.

Әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Апта барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапарымен Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш және Сырдария аудандарында болды.

Сапар барысында төраға алдымен сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Онан соң партия активімен кездесіп, аудандық партия филиалымен атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді пысықтады.

Актив отырысында Алмасбек Есмаханов аудандық партия филиалдары мен Партиялық бақылау комиссиялары төрағаларының, сонымен қатар, аудандық мәслихаттардағы депутаттық фракция жетекшілері,бірқатар бастауыш ұйымдар басшылары мен партия атынан әкім болып сайланған ауыл әкімдерінің жылдық жұмысы есебін тыңдады. Аудан жастармен кездесіп, ой – пікірлерімен бөлісті

.

БАҚ өкілдеріне 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті

Жұма күні «AMANAT» партиясы облыстық филиалында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Онда партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткен жылы партия филиалымен атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. 

«Kітап-AMANAT» орталығында кездесу өтті

Жұмыс аптасында партияның «Kітап-AMANAT» орталығында жазушы, ақын Қадір Мырзалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай кездесу өтті. Басқосуға партияның облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, ақын Ғазиза Әбділда және қаладағы жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысты.

Жиында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов аталмыш орталықтың жұмысына тоқталып, келелі кездесудің арқауы болған ақын Қадір Мырзалиевтің шығармашылық жолындағы жетістіктерін баяндаса, ақын Ғазиза Әбділда өзінің авторлық кітабын орталыққа табыстай отырып, сиясы кеппеген жаңа туындыларын қалың оқырманға паш етті.

Кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізді

Партияның облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бағытындағы «Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері, облыстық қоғамдық даму, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының жауапты қызметкерлері және «Жастар Рухы» Жастар қанаты белсенділерімен бірге мемлекеттік тіл нормаларының сақталуы бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында бизнес нысандардың жарнама, хабарландыру, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде болуына, сауатты жазылуына тексеру жүргізіліп, кәсіпкерлерге тіл туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

Кестеге сай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды

Апта барысында партия алаңында партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтар өтініштерін тыңдады.

Қабылдауларда азаматтар 5 өтініш түсіп,1 мәселе оң шешілді. Қалған өтініш иелеріне қолданыстағы заңдар аясында кеңестер берілді.

Қазалылық партияластар «Таза бейсенбі» акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстарын жүргізілді

Бейсенбі күні қазалылық аманаттықтар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған партияның «Таза бейсенбі» акциясы аясында Әйтеке би кентінен «Батыс – Еуропа, Батыс – Қытай» автодәлізіне шығатын жол бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараға партия филиалына қарасты «Теміржолшы», «Қазалы Келешек», «Қазалы Локомотив» және «Көлік» бастауыш партия ұйымдары жұмылды. Олар аумақты тазалап, шашылған қоқыстарды жинап, арнайы орынға шығаруға үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстарына 1 техника тартылып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.