Апта ағымында

355

0

«AMANAT» партиясы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда еңбек нарығындағы жұмыс орындарының экономикасын бағалаудың қазіргі жағдайы мен заманауи құралдарының мәселелері талқыланды.

Жиынға өңірден партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысты.

Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев «Еңбек нарығындағы жұмыс орындарының экономикасы: ағымдағы жай-күйі және бағалаудың заманауи құралдары» тақырыбы бойынша хабарлама жасап, еліміздегі еңбек ресурстары болжамына тоқталып өтті.

ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық экологиялық кеңестің отырысы өтті. Онда экологиялық жаңартылатын энергия көздерінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары мәселелері қаралып, талқыланды.

Жиынға өңірден партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аймақтық экологиялық кеңестің төрағасы Жорабек Нұрымбетов, облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық  басқарма басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек бейнебайланыс арқылы қатысты.

ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ АШЫЛУЫНА КУӘ БОЛДЫ

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау мерекесінде Сыр өңірінде бірнеше әлеуметтік нысан ел игілігіне табысталды. Олар облыстық тарихи- өлкетану мұражайы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, Физика-математика бағытындағы «Білім- инноватция» лицей- интернаты.

Жаңа нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Паралменті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаевта арнайы қатысып, жерлестерді құттықтады. Сондай-ақ аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан алдағы игі бастамаларға сәттілік тіледі.

ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары төрағалары мен комиссия мүшелері, облыстық қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері Қызылорда қалалық көпбейінді қалалық ауруханада болып, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген емдеу ұйымының қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылуы мен жабдықталуына мониторинг жасады.

Партиялық бақылау тобы зерделеу барысында емдеу мекемесіндегі дәрілік заттар қорының жеткіліктігіне, олардың сақталуына көз жеткізді. Сонымен қатар, науқастарға берілетін ас мәзірімен де танысып, жалпы ұжым қызметкерлерінің ой пікірлерімен ұсыныстарын тыңдады.

ТАБИҒАТТЫҢ ТАҒДЫРЫ АДАМЗАТТЫҢ ҚОЛЫНДА

Партияның «Кітап – AMANAT» орталығында Эколог және дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай қазақ әдебиетінің дарынды қайраткері, эколог – жазушы, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлымен кездесу өтті.

Басқосуға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, жас оқырмандар қатысты.

Басқосуда жас оқырмандарға жазушыға көкейде жүрген қызықты сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

ОРТА ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жұмыс аптсында Сырдария ауданында орта және қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру жұмыстарының тиімділігі мен сапасының жай-күйі бойынша құрылған уақытша комиссия отырысы өтті. Оған «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Гүлнар Есқалиева, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның төрағасы Жорабек Нұрымбетов, фракция мүшелері, партияның Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов қатысты.

Жиын барысында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Парасат Жаңабергенов баяндама жасап, білім саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Одан соң, аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, халық қалаулыларына бірқатар ұсынысын жеткізді. Одан бөлек, партияның Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов газдандырылған ауылдардағы мектептерді газға қосу жұмыстарына қолдау білдіру мәселелесін көтерді.

АМАНАТТЫҚТАР ҰЖЫМ БОЛЫП АҚЫН ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ТАМАШАЛАДЫ

Аптада «Өнер орталығында» көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Кешті аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерімен бірге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұжымы да тамашалады.

БАЛЫҚШЫЛАР АЛЛЕЯСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталған «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы аясында Сыр өңірінің барлық аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Игі іске үлес қосқан аралдық аманаттықтар бүгін аудан орталығындағы «Балықшылар аллеясы» аумағына тазалық  жүргізді.

«Таза бейсенбі» акциясына аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, партияның аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері және рухтастар қатысты.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Б.Махашов, Н.Бақытбекұлы облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы А. Шамкенов қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

Қабылдауларға 8 азамат өтінішпен келіп, олардың 2-і оң шешімін тауып, қаржылай көмек көрсетілді.