Ақтау маңында апат болған ұшақтағы Мухаммедали Еганов есімді 13 жастағы әзірбайжандық жасөспірім мерекені анасымен бірге қарсы алу үшін Грозныйға бара жатқан.
Бұл туралы Бакудің «Гянджлик» клубының ойыншысымен қоштасу рәсімінде оның әпкесі айтты.
«Немере ініммен соңғы рет сөйлескеніме біраз болып қалды. Бірнәрсе айту өте қиын. Ол Грозныйға мейрамды анасымен бірге қарсы алу үшін бара жатқан еді. Өте жақсы бала болды», – деді марқұмның әпкесі.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні таңертең Azerbaijan Airlines-тің Embraer 190 ұшағы Бакуден Грозныйға шығып, Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Бортта барлығы 67 адам болса, соның 38-і қаза тапты, 29-ы аман қалған.
26 желтоқсанда зардап шеккен 14 адам мен қайтыс болған төрт адамның денесі Әзербайжанға жеткізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<