2025 жылы Арал ауданында бірсыпыра ауқымды істер қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізді. Өткен жылы ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. 7 макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім бар. Бұл туралы Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте баяндады.
Айта кетейік, былтыр негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 53,1 млрд. теңгені құрап, алдаңғы жылмен салыстырғанда 37,3 пайызға артық орындалды.
– 2025 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37,5 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 108,6 пайыз болды. Сондай-ақ, аудан көлемінде жалпы құны 9 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланды. Оның ішінде құны 3,2млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар «Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы, Сексеуіл жолындағы «Sinooil» ЖШС-нің жанар-жағармай құю бекеті, «Қарашалаң балық» зауыты және «Petro Retail RFS» ЖШС-нің «Жол бойы қызмет көрсету орталығы. Биыл біз құны 5,8 млрд болатынқалған 3 жобаныкезең-кезеңімен пайдалануға беретін боламыз, – деді Аманжол Сақыпұлы.





