Аралда референдумға келуші халықтың белсенділігі жоғары

4

0

Арал қаласындағы №44 референдум учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындардың белсенділігі жоғары. Таңғы уақыттан бастап учаскеге келушілер қатары азаймай, тұрғындар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсене қатысуда.

Референдум учаскесіне келген тұрғындар үшін мерекелік көңіл-күй де қалыптасқан. Келушілер алтыбақан теуіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, ерекше атмосферада өз таңдауларын жасауда.

– Референдум учаскесі сағат 07:00-де ашылды. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру және дауыс беру тәртібін сақтау жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда. Барлық рәсімдер ашықтық пен заңдылық қағидаларына сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі референдум барысы жақсы өтіп жатыр. Таң сәріден бастап келушілер легі азайған жоқ. Отбасымен бірге келіп дауыс беріп жатқан тұрғындар да көп, – деді сайлау комиссиясының төрағасы С. Садықов.