Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елді мекендердегі бірқатар ардагерлердің шаңырағында болып, мерейлі мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының мерекелік құттықтауын жеткізіп, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстап, сый-сияпат жасады.
Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, арнайы келген азаматтарға батасын беріп, ауданның одан әрі өркендеуі мен өңір тұрғындарының әл-ауқатының артуына шын жүректен тілектестігін білдірді.
Қармақшы ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<