Ашықтық пен адалдыққа ұмтылу

200

0

Фото: ХҚКО

9 желтоқсан адалдықты, ашықтық пен құқықтық мемлекетті білдіретін Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні атап өтіледі.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың қоғам мен экономиканың дамуына төндіретін қауіп-қатерді түсіне отырып, бұл құбылыстарға мүлдем төзбеушілік қағидаттарын берік ұстанады. «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған ішкі саясатты әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды белсенді түрде іске асырады.

Бұл саладағы маңызды қадамдардың бірі ретінде корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы саясатты бекіту болды. Корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресте компанияның этикалық стандарттарды сақтау және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі нақты белгіленген стратегиялары мен міндеттемелерін бекіту маңызды қадам болды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау бойынша оқыту жүргізіліп, заңсыз ықпал етудің алдын алу бойынша шаралар және ішкі бақылаудың тиімді тетіктері енгізілді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, корпоративтік құрылымдардың да міндеті екенін еске салады. Мемлекеттік корпорация өз қызметінің барлық деңгейінде ашықтық пен адалдыққа ұмтылуды жалғастыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<