Ашықтық пен жариялық сыбайластықтың жолын кеседі

457

0

Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасының жеке кәсіпкерлермен байланыс тудыратын кейбір функциялары – облыстық коммуналдық мүлікті, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру. Оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту мемлекеттік мүлік реестрін тіркейтін бірыңғай оператор саналатын госреестр www.e-Qazyna.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Ауқымды іс-шараның маңыздылығы – оның ашықтығы мен жариялығында.

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, оны жою және көріністерін болдырмау үшін қоғамдық және саяси күштерімен бірлесіп, ау­қымды жұмыс жүргізілуде. Мемлекет саясатының басым бағыт­тарының бірі болып айқындалған. Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру – тиімді іс-қимылдың негізгі элементі.

Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарла­масы дер кезінде бекітіліп, қаржы ұйымдарының, мемлекеттік орган­дардың, азаматтар мен кәсіпкерлердің электрондық өзара іс-қимыл тетіктері мен стандарттарын енгізу – қағазсыз, ашық және транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, транзакциялық шығындарды төмендететін, бәсекеге қабілеттілігі жоғары қаржы секторын құруға мүмкіндік берді. Бұл мемлекеттік органдар, азаматтар мен кәсіпкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің туындамауына септігін тигізетін тағы да бір тетік қолданысқа енді деген сөз.

Басқарманың қызметіне тиесілі сауда-саттықты өткізуде ашық­тықтың мәні сатушы мен сатып алушы бір-бірімен тіке­лей байланыспайды, сатып алушылар бір-бірін көрмейді және қатынаспайды. Бұл да өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекел­дерін болдырмауға септігін тигізуде.

Мақсатымыз – тек жемқорлармен ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәртіпті қорғаушыларды қылмысқа қасақана итерме­лейтін пара берушілермен күресу. Сондықтан әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қоса жүруі қажет.

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы