Қазақстан тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде бірлігі бекем, халқы тату, жері тыныш мемлекет ретінде қалыптасты. Елдің тұрақты дамуы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа деген сарабдал саясаты, табысты реформаларды жүзеге асыруымен тікелей байланысты.
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясына онлайн қатыстым. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырған, Елбасы бастамасымен құрылған Ассамблея бұрын-соңды ешбір елде болмаған құрылым. Еліміздегі татулық пен келісімнің салтанат құруы, тұрғындар арасындағы түсіністік пен сыйластықтан-ақ ұйымның нәтижелі жұмысын бағамдауға болады.
Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Елбасыға ҚХА-ның Құрметті Төрағасы болуды ұсынды. Бұл – егемендік алғаннан бастап елдің еңсе тіктеуіне бар күш-жігерін аямаған Нұрсұлтан Назарбаевқа деген лайықты құрмет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен алдағы уақытта да Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынына сенімдімін.
Кахар Дадашев,
облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<