Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде елорданың үстінен ұшып бара жатқан жойғыш ұшақтар түсірілген видеоны бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға оқу-жаттығу ұшулары туралы ескерткен еді.
Ведомствоның баспасөз қызметі 23 және 24 қарашада жойғыш ұшақтар арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетінін ескертті.
Ведомство іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтіні және қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ екенін атап өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<