Астанада ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған (Видео)

196

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Астанада бір тәулік ішінде екі бірдей вандализм оқиғасы тіркелді. Ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақы 7 тәулікке қамауға алынды. 

«102 арнасына Айтматов көшесінде белгісіз адам аялдама әйнегін сындырғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, ол мас болған», – деп жазылған полиция хабарламасында.

Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы («Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатындай дәрежеде болмаса») бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Екінші оқиға Байтұрсынұлы көшесінде болған. Екі мас адам аялдама павильонының әйнегін сындырған.

«Полиция қызметкерлері 19 және 22 жастағы екі адамды ұстады. Басты күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Ал оның танысы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», – деді Полиция департаменті өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<