Астанадағы төрт баланың өмірін қиған өрт: Қылмыстық іс қозғалды

219

0

Фото: Астаналық ТЖД

Астана қаласында төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды. Бұл туралы елордалық ТЖД хабарлады.

«Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін таңертең Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<