Ата-аналар мен оқушылар мақал-мәтел сайысында бақ сынасты

432

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында 7-сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Мақал сөзді қажетіңе жарат, ұрпағыңа тарат» тақырыбында сайыс өтті.

Қатысушылар топтарда нақыл сөздерге байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Мәселен, тірек сөздер арқылы және берілген оқиғалардың мәніне байланысты мақалды анықтап, нақыл сөздің жалғасын тауып, сирек қолданыстағы мақал-мәтелдің мағынасын ашты.

Ата-бабаларымыздың осы бір асыл мұрасын білу мақсатында өткізілген байқауда екі буын өкілдері қазақ ауыз әдебиетін пайдаланып, оны өмірде қолдануға бағыт алды. Ата-аналар мен оқушылар нақыл сөздердің көлемі қысқа болғанымен, айтар ойы, тәрбиелік мәні зор деген түйінге келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<