«Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі»

255

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кеше «Достық» үйінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу өтті. Оған Конституциялық сот судьясы Айгүл Қыдырбаева, Конституциялық Сот Аппаратының талдаушысы Алия Бердібаева, Бас прокуратура өкілі Серік Әділкенұлы, заңгерлер мен аймақ прокурорлары қатысты.

Басқосуда қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті дамыту, азаматтардың құқықтарын қор­ғау мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов төрағалық етіп, қаты­су­шы­ларды Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 30 жылдығымен құттық­тады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз үшін аса маңызды саяси реформалар жүзеге асырылды. Бұл өз ретінде елдің басты заңы – Конституцияға бірқатар өзгеріс жасауды талап етті.

2022 жылы республикалық рефе­рендум өткізіліп, Ата Заңның 33 бабына 56 өзгерту енгізілді. Республикалық референдумдар, Президент, Парламент Сенаты мен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы саяси трансформацияның нақты көрінісі болды. Осы ретте тәуелсіз сот жүйесін, қуатты құқық қорғау органдарын қалыптастыру құқықтық мемлекет құрудың басты шартына айналды. Біз осы реформалар арқылы саяси жаңғыруға, Әділетті Қазақстанды құру жолына қадам басудамыз, – деді Шахмардан Асқарұлы.

Кездесуде спикерлер мазмұнды баяндамалар жасап, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.