Атамекен балалар ауылына барды

102

0

Фото: Қызылорда Ассамблея

Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері Отбасы үлгісіндегі «Атамекен балалар ауылына» барып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова тәрбиеленушілерге ізгі лебізін жеткізіп, Жаңа жылда жақсылық пен береке, бірлік тіледі.

Ал балалар ауылының өнерпаздары мерекенің көркін келтіріп, меймандардың қошеметіне бөленді. Ән айтып, би билеп, жыр шумақтарын оқыды. Келген қонақтардың көңілін көтерді.

Славяне орталығы өз кезегінде балалар ауылының тәрбиеленушілеріне 40-қа жуық тәтті сыйлықтарды таратты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<