Автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

263

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 204 км қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 140 км пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңды 90 км жол қабылданды. Жол желілерін дамытуға қатысты осы және өзге де ақпараттарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндады.

– Биылға нақтыланған 51 жобаның 17,3 млрд теңгесі қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92 %-ға жеткізу межеленген. Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 204 км қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<