ҚазАвтоЖол Көлік қозғалысын шектеуге қатысты шұғыл ақпарат жариялады. Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
– «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі («Экоойл» жанармай стансасы – РФ шекарасы); – «Самара-Шымкент» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
– «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қ.).
Жолды 19 желтоқсан сағат 06:00-да ашу жоспарланған.
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<