Аудан әкімдігінде білім мен тәрбие беру мәселелері қаралды

221

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен сапасына арналған комиссия отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Жорабек Ибрагимұлы төрағалық етті.

Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Отырыста тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы іс-шаралардың орындалу барысы, жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі және оны арттыру жолдары талқыланды. Осы бағытта облыстық білім басқармасы мен Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшылары баяндамалар жасап, нақты ахуалға талдау жүргізді.

Комиссия қорытындысы бойынша білім беру саласының жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қармақшы ауданы әкімдігі