Жаңа жыл мерекесіне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы бірқатар ардагерлерінің отбасына арнайы барып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.
Аудан әкімі алдымен ардагер ұстаз, «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы» Дина Нұржанқызының шаңырағына барып, мерекелік лебізін білдірді. Көп жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан білікті ұстаздың еңбегіне ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің атынан арнайы сый-сияпат табыс етті.
Сонымен қатар, Бұқарбай батыр ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Қабыланбек Нұрмағанбетов пен Таң ауылдық округінің ардагері Болатбек Жәнібековтің үйлеріне барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
«Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін үлгі. Ардагерлерге құрмет көрсету – біздің парызымыз. Жаңа жыл Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр мен шаттық әкелсін», – деді аудан әкімі.
Кездесу барысында ардагерлер де көрсетілген құрмет пен ыстық лебізге алғыстарын білдіріп, елдің тыныштығы мен бірлігіне тілек айтты.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






