Аудан әкімі көмір қоймаларын аралады

249

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков қыс маусымына дайындық барысын қадағалау мақсатында кенттегі көмір қоймаларын аралады.

Аралау барысында аудан әкімі көмір жеткізуші кәсіпкерлерге аудан тұрғындарын мерзімінде көмірмен қамтамасыз етуге және бағаны өсірмей тұрақты ұстауға және жауапты бөлім басшыларына көмір қорының жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шиелі кенті «Жаңа тас» кәсіпкерінің көмір қоймасында 4 тоннадан астам Шұбаркөл маркалы көмір таразы арқылы сатылуда. Сонымен қатар ИП «Нұрмановқа» тиесілі «Сельхозхимия» мекемесінің қоймасында қатты отын сатылуда.

Шиелі ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<