Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Nomad Solar» ЖШС директоры Тьерри Плезанмен кездесті.
Кездесуде аудан халқының игілігі үшін ынтымақтастықты арттыру және салық базасын ұлғайту мақсатында компанияны Жалағаш ауданына көшіру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, келіссөз барысында аудан экономикасына үлес қосу және компания демеушілігімен ойын алаңының құрылысын жүргізу жайы сөз болды.
Келіссөз қорытындысында Тьерри Плезан аудан әкімінің ұсынысын қолдайтынын білдіріп, серіктестікке дайындық танытқаны үшін алғысын жеткізді.
Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айында аудан аумағында «Nomad Solar» ЖШС-нің бастамасымен қуаты 30 МВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясы іске қосылған. Қазіргі таңда аталған станция өз жұмысын табысты жалғастыруда.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






