Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

181

0

Фото: ашық дереккөз

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Ғимараттың сыртын қаптау және ішкі әрлеу жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы атқаруды ескертті.

Мұнан соң Тереңөзе кентіндегі жаяу жүргіншілер жолы мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмыстарын да аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолының негіздемесі сапалы болуын атаса, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын полигон жұмыстарының кемшіліктерін қалпына келтіруді ескертті.

Салалық орынбасары мен тиісті бөлім басшысына қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<