Аудан әкімі табиғат жанашырларына алғысын білдірді

71

0

Фото: Жалағаш ауданы

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жай науқан емес, ол әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысы, өмір салтына айналып келеді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов тазалық мәселесін әрдайым назарда ұстаған Жалағаш кенті С.Отарбаев көшесінің тұрғындарымен кездесіп, табиғат жанашырларына алғысын білдірді.

Күн жылынған уақытта сенбілікке шығып, көше бойын тазартып, саялы тал көшеттерін отырғызған тұрғындардың бастамасы көпке үлгі екендігін жеткізді.

Татулығы жарасқан С.Отарбаев көшесінің тұрғындары сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру, мерекелік шараларды өткізу мен ас беру арқылы ел бірлігін жарастыруды әдетке айналдырған.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<