Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі №12 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Syrboyi.kz. Аудан әкімімен бірге бөлім жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов пен «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы көрді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бөлім бастығы, азаматтық қорғаy подполковнигi Қанат Шарафадинов таныстырды.
Өрт оқиғаларында, жер сілкінісі, апат және төтенше жағдайлар орын алған кезде алғашқы авариялық құтқару жұмыстарын жүргізетін бөлім Тереңөзек кентінен бөлек 8 елді мекеннің аумағын қамтиды. Жол ұзақтығы мен уақыт тығыздығына қарамастан мамандар бар күшін салып, құтқару жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда бөлімде 38 қызметкер жұмыс істейді. Мекеме 4 бірлік техникамен және барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар, бөлімге өткен жылы жергілікті бюджет есебінен моторлы қайық алып берілді.
Сала жұмысымен танысқан аудан басшысы төтенше жағдайлар кезінде жедел қызмет көрсетіп, халықтың қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<