Аудан әкімі жаңарған медициналық нысанды аралап көрді

180

0

Фото: Сырдария ауданы

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аудандық аурухананың полиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі медициналық нысанды аралап көрді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғас Үсенов бүгінде науқастар ем қабылдап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, жаңарған нысан медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап көрсетті.

Аудан әкімі ғимаратты аралап, науқастарға сапалы ем көрсетілу қажеттігін ескертті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<