Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

201

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін қозғап, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Келушілердің дені тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.

Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<