Аурудың бәрін экологиямен байланыстыруға болмайды — Нұрлыбек Нәлібаев

790

0

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қызылорда облысындағы аурудың бәрін экологиямен байланыстыруға болмайды. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Өңір тұрғындары экологиялық коэффициент алады. Жалақыға 30 пайыз үстемақы қосылады. Ол да үлкен жеңілдік. Негізі аурудың бәрін экологиямен байланыстыра беруге болмайды. Ондай аурулар басқа өңірлерде де бар. Экологияға байланысты емес. Мысалы, бізде биыл ана өлімі жоқ. Бұрнағы жылдары болған. Экологияға байланысты болса, онда жылда қайталанар еді ғой. Шынын айту керек, қызметтердің де әсерінен болуы мүмкін. Енді оның бәрін экологияға жаба берген дұрыс емес. Әрине,белгілі бір деңгейде экологияның кері әсері бар. Бірақ, оны басым деп айтуға келмейді», — деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, бұрын өңірде экологияға қатысты бағдарлама болған. Бүгінде ол өзектілігін жойды. Сондықтан өңір алдағы уақытта Экология миинстрлігімен бірлесіп, жаңа бағдарлама әзірлеуге ниетті. 

«Нысанбаев мырзамен (Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев) бұл бағытта сөйлестік. Жақын арада өңірімізге келеді. Бірге отырып, экология мәселесі бойынша жұмыс істейміз. Мамандарымыз да пікір алмасып, жұмыс істеуде», — деді Қызылорда облысының әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<