Ауыл шаруашылығы саласының озаттары мен еңбек майталмандары марапатталды

88

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

25 қазан – Республика күні және «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс әкімінің атынан облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, еңбек озаттары мен салада жетістікке жеткен еңбек майталмандарын марапаттады.

Бірқатар сала майталмандары мен ардагерлері, еңбек озаттары Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен», облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хатымен», Ішкі істер министрінің «Құрметті ардагері» төсбелгісімен, Жалағаш ауданының «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық Кәсіптік Одағының «Елеулі еңбек үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, агротехникалық талаптарды сақтай отырып, егін шаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар жетекшілер де марапатталды. Атап айтқанда, «Сәрке Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасы Қанат Әубәкірұлы Демесінов 1456 гектар күріштің әр гектарынан 75 центнерден өнім алды.

«Ауылым» фермер қожалығының төрағасы Манарбек Ұзақұлы Еспанов 680 гектар күріштің әр гектарынан 72,5 центнерден өнім жинады.

«Есжанов» шаруа қожалығының төрағасы Кенжебек Әубәкірұлы Есжанов 290 гектар күріштің әр гектарынан 70 центнерден өнім алды.

Сонымен бірге, агроөнеркәсіп саласының үздік майталмандары «Озат шаруашылық», «Озат бригадир», «Озат комбайншы», «Озат күрішші», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат бидай өсіруші», «Озат картоп өсіруші», «Озат бақша өсіруші», «Озат су маманы», «Озат бақташы», «Озат жылқышы», «Озат тілші» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген өндіріс озаттарына қаржылай сыйақылар да табыс етілді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі